Оның мақсаты - қоқыс жәшіктеріне ескі есіктер, сынған жиһаздар, ірі көлемдегі сылақ бөлшектері сынды ауқымды қоқыстарды тастау деректерін анықтау.
«Құрылыс материалдары түріндегі көлемді қоқыстарды, ескі кереуеттер, сынған тоңазытқыштарды біз шығаруға міндетті емеспіз. Қаланы көріктендіру ережелері бойынша қоқыс жәшіктері тек тұрмыстық қатты қалдықтарды тастауға арналған», - дейді «ЭкоӘлемҚазақстан» ЖШС атқарушы директоры Әмірбек Орынбеков.
Кімде кім қоқыс алыңына көлемді зат тастайтын болса, кәсіпорын қызметкері әкімшілік кодекстің бұзылғаны туралы және оны бұзған адам туралы хабарды полицияға жеткізеді. «Эко Әлем Қазақстан» ЖШС құзырында 42 қоқыс алаңдары бар.