Қарағандыда көлік қаққан 59 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда жас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Алған жарақатынан 59 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандыда «Ауди» жеңіл көлігінің жүргізушісі Магнитогорская көшесінде 59 жастағы әйелді қағып кетті.

Қайғылы оқиға «Горняк» автобус аялдамасының жанында болған.

«Ауди» автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі Магнитогорская көшесімен «Газойл» ЖМҚС жағынан қалаға қарай жүріп бара жатып, 59 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Салдарынан жарақат алған адам оқиға орнында көз жұмды.

«Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деді полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.