6 мамыр күні Қарағандыдағы дүкендердің бірінің жанында автокөлік жүргізушісі 71 жастағы зейнеткерді қағып кеткен.
Әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
«Бұл факт полицияда тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.