Д.Қарамышев жүйелі негізде оқу орталығы топтарының старосталары арқылы тыңдаушыларды оқудан босату үшін, сондай-ақ оларды оқу демалыстарына жіберу үшін пара алып отырған.
Биыл 11 шілдеде Октябрь аудандық сотының үкімімен Д.Қарамышев пара алғаны үшін 6,8 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Сондай-ақ, Т.Демесінов пара бергені үшін Д. Бауылбеков делдал болғаны үшін айыппұл төлейді.
Сот айыппұлды төлеу мерзімін бекітті. Үкім заңды күшіне енген күннен бастап 1 айдың ішінде төленбеген жағдайда, жаза бас бостандықтарынан айыру түріне ауыстырылады.
Сотталушылар өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқықтарынан айырылды.