Қарағандыда көлік жүргізушісінен оқталған тапанша табылды

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды полицейлері тоқтатылған көліктен оқталған тапанша тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық Полиция департаментінің Криминалдықполиция және арнайы мақсаттағы бөлім қызметкерлері қару-жарақтың заңсызайналымымен байланысты қылмыстарды анықтау және олардың алдын алу мақсатындажедел-іздестіру шараларын өткізіп, 8 тамыз күні Қарағанды қаласыныңВолгодонская көшесінде «Газ-3102» автокөлігін тоқтатқан. Полицияқызметкерлері 34 жастағы ер адамның басқаруындағы машинаны тексеру барысында оқжатарында8 патроны бар «ТТ» маркалы тапаншаны тауып, тәркіледі. Қару 1940 жылышығарылғаны белгілі болды.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері барлық мән-жайды тексеріп, ұсталғаназаматтың өзімен бірге қаруды қандай себеппен алып жүргенін анықтап жатыр.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеубасталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізілуде», - депхабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар