Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.
Полицияның ақпаратынша, жол-көлік апаты бүгін, түнгі сағат екінің шамасында болды.
«Қарағандыда Шығыс-5 ауданындағы сорғы стансысының маңында 19 жастағы жүргізуші көлікке ие бола алмай, бағанамен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Ауыр жарақаттар алған 20 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілгенімен, ол есіне келместен көз жұмды», - делінеді облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші жылдамдықты асырған.
Жол апаты фактісі бойынша полиция тергеу амалдарын жүргізуде.