Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, 6 желтоқсан күні Қарағандыдағы қонақүйлердің бірінен 32 жастағы ер адамның денесі табылған.
Полиция қызметкерлері оның өліміне күдікті ретінде Қостанай облысының 39 жастағы тұрғынын ұстаған. Ол жанжал кезінде жәбірленушіні буындырғанын мойындады.
Осы дерек бойынша «Адам өлтіру» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.