«16 маусымда Қарағанды қаласы базарларының аумағында әртүрлі маркалы темекі түріндегі өнімдерді сәйкестендіру құралдарынсыз (акциздік маркалар) сату фактілері белгілі болды.
АҚШ, Қырғызстан және Ресей өндірісінен алынған контрафактілік өнімнің жалпы саны 17 мыңнан астам қорабын құрады. Анықталған фактілер бойынша әкімшілік іс қозғалып, сотта қаралатын болады, ал алып қойылған темекі өнімдері тәркіленіп, жойылады», - деп жазды ведомстводан.
Бұған дейін департамент қызметкерлері 3000-ға жуық электронды темекіні, құрамында никотин бар ерітінділерді, сондай-ақ кальянға арналған темекіні заңсыз сату фактілерін анықтаған болатын.