Қарағанды облыстық мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасының аға прокуроры Динара Бекежанованың хабарлауынша, кәсіпорын өзінің айналасына қалдықтарды заңда көрсетілген рұқсатсыз тастап келген. Компания байытылған қорғасынды-цинк рудасы мен қорғасын-цинк қоспасын өндіреді.
«Тексеру барысында экология заңнамаларын бұзу жағдайы анықталды. Табиғатты қорғау прокуратурасы істі сот органдарына жолдады. Экономикалық сот шағымды толық қанағаттандырды. Кәсіпорыннан 157 млн теңге көлемінде шығын өндірілді»,-деді Динара Бекежанова.
Тағы 154 млн теңгені компания қоршаған ортаға деген заңсыз эмиссия үшін төледі.