деп хабарлайды облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
Жарыстарға Астана, Алматы қалаларының, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарының 100-ден астам спортшылары қатысады. Олар жылдамдық пен қиындық сынағынан өтуі тиіс.
«Қарағанды облысында құзға шығу 1998 жылдан бері дамытылуда. 2005 жылдан бастап қарағандылық құзға шығушылар халықаралық жарыстарға, әлем кубоктарына, Азия чемпионаттарына қатысып келеді», - деп атап өтілген хабарламада. Еліміздің бұл спорт түрі бойынша құрамасына 15 қарағандылық азамат кірді.
2012 жылы ҚР-ның спорттық құзға шығу бойынша кубогының кезеңдері Қарағанды, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында өтті. Соның нәтижесінде Алексей Молчанов, Әлия Ысқақова, Жайна Мырзаханова, Жазира Мырзаханова, Жанна Молчанова, Роман Сабуров, Альбина Мұртазина, Андрей Юрин, Саян Ысқақов, Александр Карклинайтис, Ксения Стрельцова, Ерасыл Мұрат, Әлішер Мұрат, Денис Сабуров жеңімпаз және жүлдегер атанды.