НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті шағын авиация ұшағының апатқа ұшырауы кезінде мерт болғандардың есімдерін атады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Азаматтық авиация комитетінен хабарланғандай, ұшақ апаты кезінде инструктор Артемов пен жеке ұшақтың ұшқышы Әукешов мерт болған.
Айта кетейік, бүгін сағат 16:25-тер кезінде Қарағандыда жеңіл авиацияның FK14 Polaris маркілі ұшағы жаттығу жасап жүріп, қонатын кезде апатқа ұшырады.
Автор: Ақбота Күзекбай
Айдар Оспаналиев
2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Журналистика саласында 2000-шы жылдан бері қызмет етіп келеді.