Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, қарағандылықтар дәстүрлі құрбандық шалу шарасын екі орында: ескі әуежайдың бұрынғы ұшу алаңы аумағында және Бала қажы атындағы №2 мешіттің аумағында жүзеге асыра алады. Онда құрбандық малдарды союға арналған алаңқайлар мен көлік тұрақтары дайындалады.
Мұсылмандардың қасиетті Құрбан айт мерекесі биылғы жылы 6-8 қараша аралығында атап өтіледі.