Қарағандыда күшті аязға байланысты бастауыш сыныптарда сабақ тоқтатылды
13:03, 11 Желтоқсан 2012
ҚАРАҒАНДЫ. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарағандыда күшті аязға байланысты 1-4 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды, деп хабарланды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
«Ауа температурасының күрт төмендеуіне орай 2006 жылдың 27 қыркүйегінен ҚР Білім және ғылым министрлігінің №509 бұйрығы негізінде ағымдағы жылдың 11 және 12 желтоқсанында Қарағанды қаласындағы білім мекемелерінде 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар болмайды», - делінген хабарламада.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Қарағанды облысында 14 желтоқсанға дейін суық болады. Облыстық гидрометеорологиялық орталықтың берген мәліметтеріне қарағанда, күндіз ауа температурасы минус 20-дан 28 градусқа дейін төмендейді, түнде 30-35 градусты, кей жерлерде 40 градус суықтықты көрсетеді.