Қарағандыда «қылмыс картасы» құрылды
Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитеті облыстық басқармасынан хабарлады.
«Бұл карта - жабық немесе қызметтік ақпарат емес. Оған ғаламторды пайдалануға мүмкіндігі бар әр адамға кіруге рұқсат беріледі, ол комитеттің ақпараттық сервисіндегі блогында орналастырылған (https://service.pravstat.kz/map.html# ). Алдымен қылмыс мәліметтер базасына енгізіліп, тіркеледі, кейін картада бейнеленеді», - деді басқарма басшысы Әбу-Әли Саттар.
Картадан қаладағы ең қылмысты жерлерді көруге болады. Бір айдың ішінде 3 рет қылмыс жасалған орындар қызыл түспен белгіленеді.
«Қылмыс картасы» әзірге тек Қарағандыда құрылған. «Алдағы уақытта бұндай карталар облыстың барлық өңірлерінде құрылатын болады», - деді басқарма басшысы.