Қарағандыда қызғаншақ жігіт әйелін буындырып өлтірді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Қарағанды қаласында 29 жастағы келіншектің мәйіті табылды. Белгілі болғандай, 27 жастағы жігіт қызғаныштан бірге тұрып жатқан әйелін өз қолымен тұншықтырып өлтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

30 шілде күні сағат 13:30-да Қарағанды қаласындағы бір үйдің маңынан 29 жастағы әйелдің денесі табылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпастан өлген әйелмен бірге тұрып жатқан 27жастағы азаматты ұстады.

Күдікті бастапқыда жедел уәкілдерді жалған ізге салыпжібергісі келген. Алайда,полицейлердің кәсіби іс-әрекетінің арқасында жедел-тергеу жолымен оған қарсы айғақтар табылған.Нәтижесінде ер адам жанжал барысында қызғаныштан жәбірленушіні өзқолымен буындырғанын мойындады.

Аталған дерекбойынша ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (кісіөлтіру).