Қарағандыда мәдениет және өнер саласының үздік қызметкерлері марапатталды
«Мәдениет және өнер қызметкерлері күнін атап өту - егемен Қазақстанның қалыптасуына, жаңа тарихи жағдайдағы рухани дамуға өнер майталмандарының қосқан үлесін мойындау. Мәдениет мәселелері біздің үнемі назарымызда. Біз оны мәдениетке қолдау көрсетусіз қазіргі заманғы жоғары дамыған мемлекет болмайтыны туралы әрқашан атап өтетін ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қойған міндеттерін іске асыру ретінде қарастырамыз», - деді Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков сыйлықтарды табыстау рәсімінде.
Облыс әкімінің сыйлығына биылғы жылы 109 өтінім келіп түскені, байқау комиссиясы соның үздіктерін таңдап алғаны атап өтілді. 200 мың теңге көлеміндегі сыйлықты арасында театр, ансамбль әртістері, музыканттар, хореографтар, кітапханашылар және мәдениеттің басқа салаларының қызметкерлері болған 21 адам алды.
«Кәсібіне адалдығы үшін» аталымының лауреаты болып ҚР еңбегі сіңген қайраткері, С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының әртісі Ерғали Жүніспеков пен Халықтар достығы мен мәдениеті үйіндегі «Жезқазған маржандары» ардагерлер хорының жетекшісі Жақсылық Шұқтаев танылды. Облыс әкімі оларға 500 мың теңгелік сертификаттарды табыстады.
Салтанат кезінде «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мемлекеттік мерейтойлық медальдар табысталды.