Қарағандыда мамандандырылған тергеу соты жұмысын бастады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының ашылуы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының негізгі міндеті - қылмыстық іске тартылған азаматтардың құқықтарын қорғау, қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі өндіріс сатысындағы сот бақылауы институтын әрі қарай дамыту.

Тергеу соттары «100 нақты қадам - Ұлт жоспарының» 22-ші қадамын жүзеге асыру мақсатында құрылуда. Онда адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын шектейтін барлық тергеу әрекеттерін санкциялау жөніндегі құзыреттерді кезең-кезеңімен тергеу сотына беру арқылы соттағы айыптау мен қорғау арасындағы тепе-теңдікті сақтау көзделген.

Тергеу соты Қарағанды қаласы, Кривогуз көшесі, 7 мекенжайында орналасқан. Сотта 4 судья және 10 маман жұмыс істейді.