Қалалық мәдениет және демалыс саябақтары басқармасының директоры Ләззат Айтмағамбетованың хабарлауынша, жөндеу жұмыстары бір жарым айдың ішінде жүргізіліп, Жеңіс күнін мерекелеуге аяқталды.
«Мемориалдық кешен 40 жылға таяу уақыт бұрын салынған, сондықтан да оны заманауи түрге жасандыру қажет болды. Бұрынғы тақтатастар алынып, гранитпен әдіптелді. Барлық жұмыстар дер кезінде аяқталды», - деді басқарма бастығы. Оған жергілікті бюджеттен 55 млн. теңге бөлінген.
«Мәңгілік алау» мемориалдық кешені Қарағандыда 1975 жылы Ұлы Жеңістің 30 жылдығы құрметіне салынған болатын. Оның авторлары - мүсінші Жеңіс Молдабаев пен сәулетші Нұрбақыт Қойшыбеков.