құқық қорғаушылар, жергілікті атқару органдары мен Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаменті қызметкерлерінің қатысуымен «Шартты түрде сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің ережелерін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысын жүзеге асырудың нәтижесі талқыланды. Бұл туралы Халықаралық түрме реформасының өкілдігі хабарлады.
Кеңеске жиналғандар тәжірибемен бөлісіп, қылмыстық-жазаланатын әрекеттер жасаған кәмелетке толмағандар үшін оңалту орталықтарын құру қажеттілігі мәселесін көтерді. Бірінші кезеңде онда психологиялық және құқықтық көмектер көрсетілетін болады.
Сонымен қатар, бас бостандығынан айыру орындарынан босағандар үшін қоғамда тез бейімделуі тұрғысында тиісті көмек жасау аясында ұсыныстар айтылды. Осы орайда кәсіпорындарда жұмыс орындарын ашу қажеттілігі ескерілді.