Онлайн-кездесуге кәсіби медиаторлардың, заңгерлердің, адвокаттар мен психологтардың консультативті көмегі қажет тұлғалардың барлығы қатыса алады.
Іс-шара Республикалық Бірыңғай Медиация күніне орай ұйымдастырылады.
Виртуалды қабылдауға өтінішті Instagram - @mediator_krg немесе @kabinet_mediatsii парақшаларына,сондай-ақ WhatsАpp - 8-702-199-38-49 нөміріне жіберуге болады.
Өтініштерді қабылдау 5 тамызға дейін ұзартылды.
Виртуалды қабылдау жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясының медиаторлары, заңгерлер, адвокаттар мен психологтар қатысады.
Консультативтік көмек барлық мүдделі азаматтарға тегін негізде көрсетіледі және құпия болады.