Қарағандыда мектеп-интернеттен шыққан өрт салдарынан 154 адам қауіпсіз жерге көшірілді

None
ТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қарағандыда мектеп-интернеттен шыққан өрт салдарынан 154 адам қауіпсіз жерге көшірілді,

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Бүгін Қарағанды қаласының Октябрь ауданында орналасқан №7 мектеп-интернаттың асханасындағы электр қалқанының кабелі өртенді. Қауіпсіз жерге 154 адам көшірілді, оның 150-і - балалар.

Тілсіз жау шарпыған аумақ 1 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Қарағанды облыстық ТЖД жеке құрамының 22 маманы мен 6 техникасы жұмылдырылды.