Қарағандыда «Мектепке жол» акциясы басталды

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Биыл Қарағанды облысында жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы бір ай бұрын басталды. Шара 30 қыркүйекке дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысыныңбілім басқармасы мемлекеттік органдарды, кәсіпорындарды, ұйымдарды, жекекәсіпкерлерді және жанашыр азаматтарды балаларға жаңа оқу жылына дайындалуғакөмектесуге шақырады. Оларды киім-кешекпен, мектеп керек-жарақтарымен жәнекеңсе тауарларымен қамтамасыз ету қажет.

«Биыл «Мектепке жол»акциясы «Жүректен жүрекке!» ұранымен өтеді. Оның мақсаты – аз қамтылғанотбасынан шыққан оқушыларға көмек және қолдау көрсету. Сондай-ақ әлеуметтікжағдайы төмен болғандықтан мектепке бара алмайтын балалардың мәселелеріне қоғамның назарын аудару», - деп түсіндірдіҚарағанды қаласы білім бөлімінің бас маманы Ақыл Есенбеков.

«Мектепке жол»акциясы Қазақстанда 2008 жылдан бастап Елбасының бастамасымен өткізіліп келеді.2018 жылы акция «Мен балаларға көмектесуді таңдаймын!» деген ұранмен өтті. Солкезде Қарағанды облысында 25 мыңнан астам оқушыға көмек көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар