Чемпионатқа Қазақстанның 12 өңірінен 104 спортшы қатысады. Үздіктер 9 салмақ санатында (52.2 келіге дейін, 56.7 келіге дейін, 61.2 келіге дейін, 65.8 келіге дейін, 70.3 келіге дейін, 77.1 келіге дейін, 84 келіге дейін, 93 келіге дейін және 120 келіге дейін) республикалық біріншілікте өз өңірлерінің атынан шығады.
ММА бойынша Қазақстанның V чемпионаты аясында қатал спорт түрінде бойжеткендер де өз күштерін сынап көреді. Алғашқы әйелдер жарысы алматылық Аян Тұрсын мен ШҚО атынан шығатын Элмира Серікбаева арасында 52.2 келіге дейінгі салмақ санатында өтеді.