Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен екі сағат күресті.
20 маусым күні сағат 18:39-да Қарағанды қаласының Бұқар Жырау даңғылында орналасқан сауналардың бірінде өрт шыққаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына келгенде өрт сөндірушілер жеке тұрған бір қабатты ағаш монша жанып жатқанын анықтаған.
«Өрт 250 шаршы метр аумақты шарпыды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ», - деп хабарлады Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Өртті сөндіруге ТЖД 45 қызметкері мен 11 техникасы жұмылдырылды. Жалын 20:19-да оқшауландырылып, 20:31-де толығымен сөндірілді.