Қарағандыда мұғалім әріптесінің ұялы телефонын ұрлады

None
ҚАРАҒАНДЫ. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Қарағандыда орта мектептердің бірінде биология пәнінен сабақ беретін мұғалім өзінің әріптесі - информатика мұғалімінің ұялы телефонын қолды етті,

деп хабарлады Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Полицейлер қылмыстың бетін 5 айдан кейін ашты. Полицияның ақпаратынша, ұрлық өткен жылдың 7 қыркүйегінде жасалды. Жалпы білім беру мектептерінің бірінде информатикадан сабақ беретін 24 жастағы әйел полицияға келіп, мектеп кабинетінде оның «Нокия С-6» маркалы ұялы телефоны мен 2500 теңгесі жоғалғанын айтты.

«Кеше, 5 наурыз күні Қарағанды қалалық ІІБ Октябрь полиция бөлімшесінің криминалдық полиция қызметкерлері күдікті азаматшаны ұстады. Ол сол мектепте биологиядан сабақ беретін 28 жастағы мұғалім болып шықты. Ұсталған әйел мойындау түсініктерін берді, оған қатысты қылмыстық іс қозғалуда, тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген облыстық ІІД таратқан баспасөз хабарында.

Полицияның мәліметінше, ұялы телефон иесіне қайтарылды. «Аталған қылмысты ашу техникалық жабдықталудың арқасында мүмкін болды, бұл мақсаттарға соңғы уақытта облыс әкімдігінен қыруар қаржылар бөлінуде», - деп қосып өтті облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.