Қарағандыда мұнай құбырынан 30 тонна мұнай ұрлағандар қолға түсті

АСТАНА. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қарағандыда Ұлытау ауданы арқылы өтетін мұнай құбыры желісінен 30 тонна мұнай ұрлаған екі азамат қолға түсті. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, ұсталған екі азамат та Қызылорда қаласының тұрғындары болып отыр. Тексеру барысында анықталғанындай олар мұнай құбырын тесіп, сол жерден мұнайды сорып алып отырған. «Тексеру жұмыстарының барысында олардан құбырды тесуге арналған және мұнай соратын түрлі құрылғылар табылды. Осы уақытта мемлекетке келтірілген шығынның мөлшері мен ұсталғандардың сыбайластарын анықтау жұмыстары жүріп жатыр», деді департамент бастығы.