Қалалық әкімдіктен хабарлағандай, мерекелік бағдарламаны 22 наурыз күні түсте Тәуелсіздік алаңында өтетін «Көрікті көктем - Наурыз» атты театрландырылған көрініс ашады.
Бұқар жырау орталық даңғылында киіз үйлер қалашығы орналасады. Шамамен 40-тан астам киіз үй тігіледі деп күтілуде. Бірнеше киіз үйде халықтық қолөнер шеберлері өз шығармашылығын көрсетеді.
«Бауырсақ-шоу» өткізілетін болады. Тәуелсіздік алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді», - деп хабарлады қалалық әкімдігінен.
Қарағандыда 22 наурыз күні сондай-ақ «Қарашаш» (ең ұзын бұрым), «Наурыз аруы» және «Наурыз сұлтаны» байқаулары өтеді. Бұдан басқа, қалалықтар «Қара жорға» биін орындаудан жарысады.
Мерекелік шаралар қаланың барлық саябақтары мен Мәдениет үйлерінде өтеді.
Наурызды тойлауға бірқатар спорттық жарыстар да орайластырылған. Бүгін Қарағандыда ерлер топтары арасында ҚР-ның гандбол бойынша чемпионаты басталады. Спорт сүйер қауымды сондай-ақ бадминтон, көркем гимнастика бойынша өтетін қалалық турнирлерге де шақыруда. «Таэквондо» денешынықтыру-сауықтыру кешенінде кадеттер мен балғындар арасында ашық қалалық біріншілік өтеді.