Қарағандыда Наурыздың құрметіне өткізілген әсерлі шеруге жүздеген қала тұрғыны қатысты
Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Дәстүр бойынша мереке жүздеген қарағандылықтардың, соның ішінде барлық этномәдени бірлестіктер өкілдерінің, Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлерінің, оқушы және жұмысшы жастардың қатысуымен өткен әсерлі шерумен ашылды. Тәуелсіздік алаңында жолдың екі жағына 42 киіз үйі тігілді.
Өзінің құттықтау сөзінде облыс әкімі Бауыржан Әбдішев: «Наурыз - жер бетіндегі ең көне мейрамдардың бірі. Халық дәстүрлерімен құрметтеліп келген ол Қазақстан Тәуелсіздігімен бізге қайта оралды. Сондықтан оны ел Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өткізіп отырған реформаларымен байланыстырып отырған жаңа табыстарды күту мерекесі деуімізге толық құқығымыз бар», - деді.
Одан кейін Қали Байжанов атындағы Концертік бірлестіктің солистері мен ансамбльдері үлкен мерекелік бағдарламаны ұсынды. Сондай-ақ мұнда қазақстандық эстрада жұлдыздары - «Дос Мұқасан» ансамблі, «Мюзикола» және «Ринго» сынды танымал топтар өнер көрсетті.
Мереке аясында халық ойындары, батырлардың сайысы, аттракциондар, түрлі байқаулар өтті, соның ішінде бойжеткендер арасында өткен бұрымды шаш байқауы мен ұлттық асүйі байқауын атап өтуге болады.
Наурыз мейрамына арналған мәдени-бұқаралық және халықтық шаралар облыстың барлық қалалары мен аудандарында өтті.