26-28 қазан аралығында Қарағандыда NOMAD MMA стилі бойынша IV Ашық Азия чемпионаты өтеді. Іс-шараны осы жекпе-жектің Дүниежүзілік және Республикалық федерациясы ұйымдастырды.
Чемпионатқа 8 елден – Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Пәкістан, Иран, Бангладеш және Қазақстаннан 768 спортшы қатысады.
Чемпионаттың маңызды мақсаттарының бірі – NOMAD MMA-ны ҚР-да және одан тыс жерлерде танымал етуге жәрдемдесу үшін күш біріктіру. Спорт секцияларына одан да көп жастарды тарту, олардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау дене шынықтыруға ғана емес, сонымен қатар жоғары моральдық дамуға да ықпал етеді деп санайды чемпионатты ұйымдастырушылар.
«Біз бұл спорт түрін 20 жыл бойы дамытып келеміз. 2010 жылы осы жекпе-жектің ресми ережелері бар кітап шықты. Бүгінгі таңда әлемнің 27 елі осы спорт түрімен айналысады. Яғни, NOMAD MMA қазақстандық бренді жыл сайын дамып келеді», - дейді NOMAD MMA стилінің негізін қалаушы Сергей Ан.
Сергей Анның айтуынша, жекпе-жектің осы түрі бойынша чемпионаттарды тек Қазақстанда өткізу бекер емес. Осылайша Федерация шалғайдағы ауылдар мен елді мекендердің жас спортшыларына халықаралық сайысқа қатысуға және чемпион болуға мүмкіндік береді. Бұл шетелге шыға алмайтындар үшін үлкен мүмкіндік.
Сондай-ақ, бұл спорт түрлі стильдегі балуандардың қатысуын қамтиды. Жекпе-жектің басты айырмашылығы – NOMAD MMA стиліндегі ережелердің әмбебаптығы, бұл өз кезегінде жарыстарға жауынгерлік өнер немесе жекпе-жектің кез-келген өкілдеріне қатысуға мүмкіндік береді.