Қарағандыда нотасыз орындалған музыка көпшілікті таңғалдырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Музыкаға жаны құмар қарағандылық Дамир Кәрімов «Тыныштық әуені» атты шара өткізіп, бұл бастамасын Наурыз мерекесіне арнады, деп жазады Хабар 24.

Нотасыз орындалған музыка жанры мен оның ерекше стиліне келушілер жоғары баға берді. Бұл - жас орындаушының алғашқы кеші. Алдағы уақытта өнерпаз еліміздің басқа қалаларын аралап, жеке концерт беруді жоспарлап отыр.

«Наурыз - көктемгі күн мен түннің теңелуі, табиғаттың, жарықтың, жақсылық пен жамандықтың теңгерімі. Бұл теңгерім мен теңелу музыкантқа əуен шығаруға септігін тигізеді. Ол тыңдаушыға фондық музыка бола алады», - деді орындаушы Дамир Кәрімов.