Бұл акушер, қарау кабинетінің медбикесі мен учаскелік медбикелердің обыр ауруын анықтау алгоритмін, соның ішінде көзбен шолып тексеру әдістерін оқып-үйренгеннен кейін мүмкін болып отыр. Сонымен қатар әрбір анықталған жағдай үшін сыйақы беріле бастаған.
Қазір медициналық мекемеде онкологиялық аурумен ауыратын он адам анықталуда. Олардың 65%-ында сырқаттың ерте кезеңін қарау кабинеттерінің медбикелері мен учаскелік медбикелер анықтайды.
«2015 жылы онкологияның асқынған жағдайлары көп болды, онкологиядан өлім-жітім жоғары еді. Бізге ол көрсеткіштерді қысқарту үшін басқа да жолдар табу керек болды. Профессор Балтабеков онкологиялық ауруларды көзбен шолып анықтау алгоритмін үйретуге келісті. 2016 жылы оқу курстарынан соң диагноздар көптеп қойыла бастады. Жаңадан анықталған және асқынып кеткен жайттар көп болды. Қазір біз оқудың нәтижесін көріп отырмыз - асқыну да өлім-жітім де төмендеді. Ал ерте кезеңде анықтау саны анағұрлым артты», - дейді № 3 емхана директоры Сәния Боранқұлова.
Онкологиялық ауру түрін медицина қызметкерлері тек емханада ғана емес, үйде де анықтай алады. Егер оған рұқсат етілсе, науқасқа кезексіз барлық қажетті тексеруден өтуге және қажетті талдауларды тапсыруға құқық беріледі.
Емхана үйде және емханада зерттеулер жүргізу үшін дерматоскоп сатып алған, ол тері қабаттарының ауруларын, оның ішінде қатерлі ісікті де диагностикалауға мүмкіндік береді.
Әрбір анықталған қатерлі ісік түрі үшін медициналық мекеменің үнемдеу қорынан сыйақы төленеді. Онкологияны ерте кезеңде анықтағаны үшін мамандарға қосымша 20 мың теңге беріледі.