Қарағандыда өрт орнынан ер адамның мүрдесі табылды, иіс тиіп уланған әйел ауруханаға жеткізілді

None
АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы Строительная көшесінде 11 наурыз күні сағат 06:56-да жекеменшік тұрғын үйде өрт болды.

Жалын сағат 07:26-да ауыздықталып, 07:35-те сөндірілді.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Өртті сөндіруге Қарағанды облыстық ТЖД-гі өрт сөндіру қызметінің 14 адамы мен 3 техникасы, ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Жалын тілі 15 шаршы метр аумақты шарпыды. Оқиға орнында 60 жастағы ер адамның мүрдесі анықталды. Иіс тиіп уланған егде жастағы әйел ауруханаға жеткізілді.