Бүгін Қазақстан, Австрия, Беларусь, Моңғолия, Польша, Ресей, Словакия, Өзбекстан және Чехияның ерлер командалары 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өтуде біріншілік үшін күресуде. Сондай-ақ, бәсекеге Қазақстан, Беларусь, Ресей, Словакия және Чехия елдерінен әйелдер командалары да қатысты.
Кедергілері, шағын ұзақтығы мен жоғары қарқындылығы бар 100 метрлік жолақтан өтуді максималды шиеленісті жаттығуға жатқызуға және қысқа қашықтыққа жүгірумен салыстыруға болады.
Бұл кезеңде қатысушы кедергіден, бөренеден өтеді, өрт жеңдерін алады . Бұтаққа жүгіре отырып, спортшы жеңнің сызығын бір тұтасқа қосады.
Барлық қосылыстар мінсіз орындалуы керек. Төрешілер мәреден кейін бұған жеке көз жеткізеді.
Жаттығудың бұл түріндегі нәтижелер қашықтыққа жүгіру жылдамдығына және кедергілерді жеңу техникасына байланысты. Маңызды сәт: жылдам бастау, қашықтықта жылдам және ырғақты жүгіру, ауырлық центрін ұтымды беру, спорттық снарядтарды жеңген кезде дұрыс көлбеу, жеңдік желіні жылдам қосу.
Шиеленіскен күрес қорытындысы бойынша 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту бойынша жеке біріншілікте әйелдер арасында 1 орын - Вывиалова Каролинаға (Чех Республикасы), 2 орын – Анастасия Галичанинаға бұйырды ( Ресей Федерациясы), 3 орынды Эльза Абубакироваға (Ресей Федерациясы) олжалады.
Ал ерлер арасында 1 орынды - Павел Крпец (Чех Республикасы), 2 орынды - Алексей Родин ( Ресей Федерациясы) иеленді. 3 орынды Дамир Курбанов ( Ресей Федерациясы) иеленді.
Ертең командалар 4х100 метр өрт сөндіру эстафетасында жарысады.