Ашылу рәсіміне ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин және Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков қатысты.
Сайысқа қатысатын командалар Астана мен Алматының және 14 облыстың ТЖ департаменттерінен құралған. Сонымен бірге, ҚР ІІМ ТЖ Комитеті Көкшетау техникалық институтының, «Өрт сөндіруші» АҚ және Тараз арнайы мамандандырылған колледжінің құрама командалары қатысты.
Чемпионатта халықаралық санаттағы 4 төреші, ұлттық санаттағы 2 төреші және өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша 28 төреші төрелік етеді, деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінен.
Командалар таныстырылған соң, Қарағанды облысы ТЖД басшысы, Азаматтық қауіпсіздік полковнигі Ибрагим Күлшімбаев облыс әкіміне чемпионатқа дайындық туралы баяндады.
Өңір басшысы чемпионат қатысушыларымен сәлемдесіп, қызықты және әділ сайыс болсын деп, сәттілік тіледі. Сәлемдесуден кейін әкім облыстық ТЖД өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметінің Теміртау қаласындағы №4 жасағының және Жезқазған қаласындағы №2 жасағының басшыларына «ТРЭКОЛ» жаңа техникасының кілтін салтанатты түрде табыстады.
ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин спортшыларды чемпионаттың ашылуымен құттықтады.
Салтанатты ашылудан кейін чемпионат қатысушылары сынға түсуді бастап кетті. Қатысушылар 4х100 шаршы метр өрт сөндіру эстафетасын еңсеруде сайысқа түсті.
12:31, 21 Шілде 2016
Қарағандыда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ҚР чемпионаты басталды (ФОТО)
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы ҚР XXIII жазғы чемпионатының және әйелдер арасындағы ҚР ІІІ жазғы чемпионатының салтанатты ашылуы өтті.