Төтенше жағдай бүгін 25 наурызда сағат 08:11-де Қарағанды қаласының Осевая көшесіндегі тұрғын үйде болды. 4-ші қабаттағы пәтерді от шарпыды. Өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтер иесін құтқарып қалды. Зардап шеккен қарт әйел улы газдан уланудың жеңіл дәрежесі алдын ала диагнозымен медициналық мекемеге жатқызылды.
Сондай-ақ, өрт сөндіру барысында ТЖД күшімен кіреберістен құтқару қақпақтарының көмегімен 5 адам құтқарылды.
«20 шаршы метр алаңда заттары, жиһаз, кіреберістегі және 1 бөлмелі пәтердің залындағы терезе мен есік блоктары жанған. Өрт 08:45-те сөндірілді», - деп хабарлады Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 19 адам және 4 бірлік техникасы жұмылдырылды. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.