Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
Өрт сағат 06:02-де ауыздықталып, 07:16-да жойылды. Оны сөндіруге ҚР ТЖМ-нің Қарағанды облысы бойынша ТДЖ өртке қарсы қызметінің 7 адамы мен 2 техникасі жұмылдырылды.
Жалын 100 шаршы метр аумақты шарпыды. Оқиға орнында егде жастағы әйелдің мүрдесі табылды. Түрлі дәрежедегі күйік жарақаттарын алған 50 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді.