Қарағандыда отансүйгіштік және төзімділік проблемаларына арналған қазіргі жастар көзқарастары талқыланды

ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда сейсенбі күні «Отансүйгіштік және төзімділік проблемаларына арналған қазіргі жастар көзқарастары» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» болып өтті,

деп хабарлады облыстық ішкі саясат басқармасы.

Пікірталасқа Қазақстан жастары конгресінің, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері және жастар бірлестіктерінің мүшелері қатысты.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар төзімділіктің және қазақстандық патриотизм тәрбиесін берудің көкейкесті проблемаларын талқылады, сондай-ақ оларға 2010-2014 жылдарға арналған жастар саясатының мемлекеттік бағдарламасы ұсынылды. Сонымен қатар, қатысушылар «Ауыл жастары» жалпыұлттық бастамасының іске асырылу барысымен танысты. «Дөңгелек үстел» барысында патриоттық және азаматтық тәрбие беруді жаңаша жүргізуге қатысты ұсыныстар әзірленді.