2017 жылғы 25 шілдеде Қарағандыда ЖШС басшысымен кездескен шенеунікті артынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент қызметкерлері ұстаған. Тергеу нұсқасы бойынша шенеунік бір жарым миллион теңге үшін «Өңірлерді дамыту 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған нысандағы орындалмаған жұмыстардың актісіне қол қоюға уәде берген.
Қарағандыда өткен сот залында судьяға екі рет наразылық білдірілді. Алдымен Төлеген Таңсықбаев судья Айгүл Мырзабековаға оның әділетті екеніне сенімсіздігін айтып, наразылық білдірді. Заңға сәйкес, наразылықтың негізді екендігі туралы шешімді басқа судья қабылдауы тиіс. Айгүл Мырзабекова креслоны әріптесіне босатып берді. Ол «Судья менің өтініштерімді қабылдамай отыр, сондай-ақ менің сұрақтарым мен менің қорғауымдағы адамның сұрақтарын заңсыз әрі дәлелсіз алып тастап жатыр» деген Таңсықбаевтың сөзін судья Жұмағұл Шүженов қабылдамады. Одан кейін тағы да төрешіні ауыстыру талабымен наразылық білдірген Димаш Сүлейменовтің талабы да қабылданбады.
Шенеунік ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының («Пара алу») 2-бөлігіне сәйкес айыпталуда.