Агентіктің Қарағанды облысы бойынша департаменті Бұқар Жырау ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Н. Әбділдинге қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
«Н.Әбілдин орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойғаны және автомобиль жолдарын қыс мезгілінде ұстауға бөлінген ақша қаражатын аударғаны үшін мердігер ұйымның өкілінен пара алған» делінген хабарламада.
25 маусымда Бұқар жырау аудандық сотының үкімімен Н. Әбділдинге 9 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан айырылды.
Сот айыппұл төлеу мерзімін белгіледі және айыппұл төленбеген жағдайда жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылатынын түсіндірді.