Қарағандыда ПИК қызметкерлері үшін көппәтерлі үйлерді басқару және пайдалану мәселелеріне арналған үйрету семинары өткізілмек

None
АСТАНА. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Сәрсенбі, маусымның 23-інде Қарағанды қаласында ПИК төрағалары мен қызметкерлері үшін «Көппәтерлі үйді басқару және тиімді пайдалану» тақырыбында үйрету семинары өткізілмек.

Бұл туралы «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты дамыту және жаңарту қазақстандық орталығы» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазыбек би атындағы әкімдік ғимаратында өтетін семинар барысында қатысушыларға Қазақстандағы энергия аудиті, ПИК-тер мен тұрғын үй қорын басқару жөніндегі ұйымдардағы есеп пен салық салу, Салық заңдылығына өзгерістер, тұрғындарға тұрмыстық көмек көрсету процесіндегі тұрғын үй инспекциясының рөлі туралы материалдар ұсынылады.

Сонымен қатар, «Эргономика» ЖШС компаниясы Автоматтық жылу бекетін (АЖБ) орнату мен оның жұмысына қатысты тәжірибелік сабақтар өткізіліп, Grundfos (Германия) фирмасының айналма сорғыштары мен жылу қуатын есептеу құралдары көрсетіледі.

Семинарды ұйымдастырушылар - «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты дамыту және жаңарту қазақстандық орталығы» АҚ, «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты дамыту және жаңарту қарағандылық орталығы» мен «Эргономика» ЖШС.