Қарағанды облысының аумағында 2019 жылғы 17 желтоқсан мен 2020 жылғы 3 қаңтар аралығында 2 кезеңде «Пиротехника» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Жедел алдын алу іс-шараларына облыстың ішкі істер органдарының 400-ге жуық қызметкері жұмылдырылды.
«Тиісті рұқсатсыз пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатудың 64 фактісі анықталды, 64 жеке тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБК 196-бабы бойынша хаттама толтырылды. Жалпы сомасы 2 221 044 теңге айыппұл салынып, 4715 дана пиротехникалық бұйымдар тәркіленді», - деді ПД баспасөз қызметі.