Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға дүйсенбі, 1 қараша күні шамамен 19.00 кезінде Мамраев көшесінде болды. «Мицубиси» көлігінің жүргізушісі, 50 жастағы полиция қызметкері жолды рұқсат етілмеген жерден өтпек болған 49 жастағы әйел мен 21 жасар қыз баланы қағып кетті. Одан кейін полиция қызметкері зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіп, «жедел жәрдем» шақырды», - дейді баспасөз қызметіндегілер.
Зардап шеккендер түрлі дене жарақаттарымен Қарағандының медициналық мекемелеріне жеткізілді.
Аталмыш оқиға бойынша тергеу жүргізілуде, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.