Қарағандыда психобелсенді заттарды тарату мәселесіне арналған желі іске қосылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда 26 қарашадан бастап психобелсенді заттарды тарату мәселесіне қатысты «Жедел желі» жұмыс істей бастады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қала тұрғындары «Үміт» ҚҰ «Жедел желісі» бойынша 8 (7212) 42-60-92, 8-702-092-41-06 хабарласып, сұрақтарын қойып, не болмаса психобелсенді заттардың таратылуының жарнамалануы туралы мәлімдей алады.

Жедел желі телефондары жұмыс күндері дүйсенбіден жұмаға дейінгі аралықта 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

Қарағандыда алғаш рет Денсаулық қорғау бойынша үйлестіру кеңесінің бастамасымен Қоғамдық бастама құрылған болатын. Жобаның басты мақсаты - қала тұрғындары арасында психобелсенді заттарды тұтынуларының алдын алу. «Жедел желі» Қоғамдық бастама шеңберінде жұмыс істейді.