Осындай рейдтердің бірі «Шығыс» базарында өтті, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.
- Біз насихат-түсіндіру жұмыстарын өткізіп жатырмыз, гигиена ережелері туралы, ауру қаупін қалай төмендетуге болатыны туралы айтамыз, - дейді Қарағанды облысының Қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің азық-түлік нысандарын санитарлық-гигиеналық бақылау бөлімінің жетекшісі Гүлмира Күзембаева.
Мамандар көкөкністер мен жемістердің сақталу шарттарына баса назар аударды. Олар қоймаларды аралап шығып, ереже бұзу деректерін анықтамаған: тауар салынған жәшіктер тәртіпке сай қоймаларға қойылған, барлық көкөкістер қаптарға салынған.
«Шығыс» базарының санитарлық инспекторы Сергей Шульцтің айтуынша, күнделікті түрде сауда нүктелерінің тазалығы, сатушылардың алжапқыштарының бары және тауардың сапасы тексеріліп отырады. Сонымен қатар аумақта көкөністер мен жемістерде нитраттар мен басқа да зиянды қоспалардың бар-жоғын анықтау үшін үлгі алатын зертхана жұмыс істейді.
Мұнда сонымен қатар күнделікті фито-санитарлық бақылау жүргізіледі. Мамандар базардың аумағына кіретін барлық жүк машиналарын тексереді. Егер тауарға сәйкесінше қажетті құжаттар болмаса, оны сатуға тыйым салынады.
Айта кету керек, өткен жылы бекітілген санитарлық нормаларға сәйкес, санитарлық дәрігерлер жоспарлы түрде базарлар мен сауда нүктелері, 50 орыннан аз сыйымдылығы бар қоғамдық тамақтану орындарын тексере алмайтынын атап өткен жөн. Тексерісті олар тек жоспардан тыс, тұтынушылардан шағым түскенде, қоғамдық денсаулыққа қауіп төнген жағдайда ғана өткізе алады. Осылайша, 2017 жылы департаментке Қарағанды облысының тұрғындарынан базарлар мен дүкендердегі өнімдердің сапасына байланысты 10 шағым түскен. Оның алтауында дәрігерлер тексеріске шыққан.