Қарағандыда сауда фирмаларының бірінен 9 миллион теңгесі бар сейфті алып кеткен қарақшылар ұсталды
14:21, 16 Маусым 2010
АСТАНА. Маусымның 16-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қарағанды облысында наурыз айында сауда фирмаларының біріне жасалған қарақшылық әрекет әшкереленді.
Қарақшылар 9 миллион теңге салынған сейфті алып кеткен.
Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұмановтың айтуынша, оқиға кезінде фирманың күзетшісі қарсылық көрсеткенімен қарақшылар оны денеге зақым келтіретін қарудың көмегімен қорқытып, көлікке мінгізіп Қарқаралы қаласы бағытындағы далалы алқапқа тастап кеткен. «Жедел іздестіру шараларының барысында жергілікті 25 жасар азамат ұсталды. Қазіргі таңда оның сыбайластарын қолға түсіру бойынша тиісті шаралар атқарылуда», деді департамент бастығы.