Қарағандыда сауда үйінде желдеткіштің баллоны жарылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда «Азат» сауда үйінде желдеткіш баллоны жарылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан өрт сөндірушілер жарылыс өртке себеп болмағанын хабарлады. «Өрт болған жоқ. Желдеткіш баллоны жарылды, ол қысымның күштілігінен пайда болуы мүмкін. Ешкім зардап шеккен жоқ», - деп хабарлады «Өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстар қызметі» ММ қызметкерлері.

Полиция мен өрт сөндірушілерді көрші үй тұрғындары шақырды. Сауда үйіне қарсы орналасқан банк қызметкерлері жарылыс кезіндегі дауысты естіген соң, көшеге жүгіріп шығып, полицияға хабарласқан.