Қарағандыда сауда үйіне өрт қойылды

None
ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда қаланың орталық Бұқар жырау даңғылында орналасқан «Абсолют-2» сауда үйіне өрт қойылған,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі төтенше жағдайлар облыстық департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Өрт туралы хабар түскен бойда кезекші қарауыл келіп жеткен. Сауда үйінде екі жерде автобөлшектер салынған картон қорап жанып жатқан. Өрт орнында жанармай құйылған екі бөтелкенің сынығы табылды. Сыртқы терезе сынған», - деп хабарлады баспасөз қызметінен. Оқиғаның себебі - әдейі өрт қойылған, - дейді өрт сөндірушілер. Тілсіз жау бес минөтте сөндірілді. Баспасөз қызметінің айтуынша, оқиғаның басқа мән-жайы белгісіз. Материалдар қылмыстық іс қозғау үшін полицияға берілді, өрттің мәнісі тергеу барысында анықталмақ.