Қарағандыда саяжай күзетшісі үйді бұзу барысында мерт болды, тағы бірі жарақаттанды

None
ҚАРАҒАНДЫ. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Өткен сейсенбі күні Қарағанды облысында саяжайлық қоғамның бірінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

«5 наурыз күні қараусыз қалған саяжайлық үйді бұзу кезінде оның кірпіш қабырғасы опырылып құлады. Салдарынан саяжайлық қоғамның 60 жастағы күзетшісі мерт болды, ал оның 52 жастағы қызметтесі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», - делінген таратылған баспасөз хабарында.