Қыс мезгілінен кейін қаланы қоқыстан тазалауға мемлекеттік қызметкерлер, коммуналдық қызмет өкілдері мен қарапайым тұрғындар шықты. Қазыбек би атындағы ауданда 3,5 мың гектар жер тазаланды. Ауданның жалпы көлемі - 15 мың гектар. Мұнда қағаз жинауға арналған 37 қосымша контейнер орнатылды.
Аудан әкімдігінде азаматтардың қоқыс тастайтын жерлерге және ластанған аулаларға қатысты шағымдарын қадағалайтын жедел штаб жұмыс істейді.
Сондай-ақ Қазыбек би атындағы ауданда өздеріне сеніп тапсырылған аулаларды жинамаған 14 ПИК-ке ауқымды айыппұлдар салынды.
Ал Октябрь ауданында жалпы алаңның 20% қоқыстардан тазартылды. Мұнда сенбілікке 940 еңбек ұжымы қатысып, 20-дан астам техника пайдаланылды.
Екі айға жалғасатын санитарлық тазалау акциясы 8 маусымда аяқталады. Облыстық сенбіліктер - 27 сәуір мен 18 мамырда, қалалық сенбіліктер - 20 сәуір мен 11 мамырда, аудандық сенбіліктер 13 сәуірде, 4 және 25 мамыр мен 8 маусымда өтеді.
Айта кетейік, 20 сәуірде «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» өтетіні жоспарланған.