Қарағандыда «Шахтер» ФК бұрынғы баспасөз қызметкері 6 жылға сотталды
19:53, 22 Қазан 2015
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда «Шахтер» ФК бұрынғы баспасөз қызметкері Мансұр Қалиев тонауға қатысқаны үшін 6 жылға сотталып, мүлкі тәркіленді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» тілшісі.
Оның үш сыбайласы - Ғани Жүнісов, Бауыржан Мағзұмбеков пен Нұржан Рахымов та сотталды. Екеуі 4 жылға,біреуі үш жылға бас бостандығынан айырылды. Барлығының мүлкі тәркіленді.
Сонымен қатар сот сотталғандардан жапа шегушілердің пайдасына материалдық шығын үшін 700 мың теңге және моральдық зақым үшін 400 мың теңгеден астам қаржы өндірді.
Еске сала кетейік, Қарағандыда 2014 жылы қараша айында қарақшылыққа қатысы бар деген күдікпен «Шахтер» футбол клубының 27 жастағы баспасөз қызметкері М.Қалиев ұсталды.
Тергеу нұсқасы бойынша, «Шахтер» ФК баспасөз қызметінің қызметкері сыбайластарымен бірге букмекерлік кеңселерге шабуыл жасаған.